Ықтималдық теориясы

lat: Yqtımaldyq teorıasy

м а т. Кездейсоқ бір оқиғаның ықтималдығы бойынша онымен қандай да бір байланыста болатын басқа бір кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын анықтауға мүмкіндік беретін математикалық ғылым. Академик А.Н.Колмогоровтың классификациясы бойынша ы қ т и м а л д ы қ т а р т е о р и я с ы тарихының бірінші кезеңі Я.Бернуллидің осы жаңалығымен аяқталады (А.Көбесов, Математика тарихы). Осындай күрделі мәселелерді шешудің арқасында математикалық анализдің мынадай салалары: дифференциалдық теңдеулер, вариациялық есептеу, интегралдық теңдеулер, комплекс айнымалылар функцияларының теориясы, функционалдық анализ, ы қ т и м а л д ы қ т е о р и я с ы атты тағы да басқа салалары пайда болды (О.А.Жәутіков, Жаратылыстану ғылым. техн. даму. матем. ролі).